Құрметті кәсіпкелер және Қазақстан тұрғындары!

Қалалық паллиативтік көмек орталығы негізінен аурудың терминалды кезеңіндегі науқастарға құрамға медициналық көмек көрсетеді.

Мемлекеттен орталықты көтеруге көптеген қаражат бөлуде, соған қарамастан орталықта науқастарға ұзақ медициналық көмек көрсетілетіндіктен бұдан басқа үлкен рухани және материалдық қор жұмсалынуынан, бөлінген қаражат көлемі жеткіліксіз.

Әлеуметтік жағдайға қарамастан бәрі де ауырады, қартаяды. Сіздерге қолдан келген көмекті көрсеткендеріңіз үшін орталық қызметкерлері және науқастар орасан зор алғысын білдіреді. Орталық директоры Садықова Сұлу Гатауоллақызы.

Компания туралы

Қалалық паллиативтік көмек көрсету орталығы 1999 жылы Алматы қаласының әкімдігінің бастамасымен құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағыдағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын. Кәсіпорынның негізгі көздеген мақсаты: ауыр науқастарға паллиативті көмек көрсету, ауырсынуды жеңілдететін дәрі-дәрмектер терапиясын жүргізу, мамандандырылған күтім, науқасқа және онық туған-туысқандарына психологиялық қолдау (сүйеу) көрсету.

Бюджеттік бөлімге жатқызу Алматы қаласы аумақтық емханалардың мамандары берген бағыттамалар бойынша жүргізіледі. Бюджеттік бөлімде онкологиялық аурумен орташа ұзақтығы 25 күндей, ал басқа аурумен сырқаттанған науқастар 10-12 күндей жата алады. Орталықта 2-3 орындық палатасы бар 3бюджеттік бөлім бар. Осында 4дәрігер оның ішінде екеуі жоғары категориялы, күтім ережесінің оқуынан өткен 58 мейірбике, 64 саритарлар жұмыс істейді.

Ұзақ күтімге мұқтаж емделушілерге симптомдық емдеу және басқа қалалардан келген науқастарға 30 койкалы ақылы бөлім қызмет етеді. 1 күндік ақылы бөлімде жату бағасы прайс-листе көрсетілген.

Орталықтың қызметін жергілікті бюджетпен ақылы бөлімнен түскен және де қайырымдылық көмектің арқасында қаражаттандырады.

Орталықты жоғары категориялы дәрігер-ұйымдастырушы Садықова Сұлу Гатауоллақызы басқарады.